Атырауда әйел адам Жайық өзеніне секіріп кетті

0
114

Оқиға орнына құтқарушылар жедел аттанып, шұғыл операцияға бірден кіріскен.


Атырауда әйел адам Жайық өзеніне секіріп кетті

Сурет: pixabay


ERNUR.KZ. Атырау қаласындағы орталық автокөлік көпірі ауданында 2025 жылы 18 маусымда әйел адам Жайық өзеніне секіріп кеткен. Шұғыл байланыс желісіне оқиға куәгерлері хабарласып, оқыс оқиғаның орын алғанын айтты, деп жазады zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқарушылар жедел аттанып, шұғыл операцияға бірден кіріскен.

"Әйел адам дер уақытында құтқарылды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.