Оның ішінде 125-і – 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47-сі – 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі балалар.
ERNUR.KZ. Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Эстрада жұлдыздарының гала-концерті 28 сәуір күні өткен.
Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның ішінде 125-і – 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47-сі – 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі балалар.
Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.