Күдікті мас болған.
ERNUR.KZ. Атырауда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамызда шамамен кешкі сағат 19:45-те Көктем шағын ауданындағы азық-түлік дүкенінің маңында болған. Күдікті мас болған.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адам қыздың қолынан ұстап, алып кетпекші болған. Алайда жергілікті тұрғындар мұны байқап, одан қызды тартып алған. Кейін олар полиция шақырған.
Сондай-ақ, күдікті 42 жаста екені, оның Атырауға ақша табу үшін келгені белгілі болды.