Атырауда көлікте қамалып қалған бір жарым жасар сәби құтқарылды

0
533

Көліктің жанында баланың анасы болған.


Атырауда көлікте қамалып қалған бір жарым жасар сәби құтқарылды

ERNUR.KZ. Атырауда көлікте қамалып қалған бір жарым жасар сәби құтқарылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға 25 тамызда сағат 8.28-де Атырау қаласы Геолог ықшамауданы, Ермұханов көшесі мекенжайында болған. ТЖД-ға автокөлік ішінде бір жасар бала кілттеніп қалғандығы туралы хабарлама түскен.

"Шақырту орнына дереу жеткен құтқарушылар 1,5 жастағы бала автокөлікте кілттеніп қалғандығын анықтады. Көліктің жанында баланың анасы болды. Құтқарушылар баланың анасынан уайымдамауын өтініп, көлікті қарап, авариялық-құтқару құралдары көмегімен салонның есігін ашты. Бала аман-есен анасына тапсырылды. Жағдайы жақсы болғандықтан медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген хабарламада.