Жасөспірімнің көпірден секіруге оқталуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Фото: zastavki.com
ERNUR.KZ. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Жедел басқару орталығына Берғалиев көшесі маңындағы көпірде белгісіз адамның секіргелі тұрғаны туралы ақпарат түскен.
"Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетті. Тәртіп сақшылары көпірден секіруге оқталған адамның 17 жастағы жасөспірім екенін анықтады. Онымен сөйлесіп, райынан қайтарды. Жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады.
Жасөспірімнің көпірден секіруге оқталуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Қазір жедел-тергеу тобы жасөспірімнің бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп жатыр.