Олар қазір ауруханада жатыр.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Атырауда ішімдікке сылқия тойған құдалар арасында жанжал шығып, бірін-бірін пышақтап тастады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл ақпарат Atyrau ONLINE Telegram-арнасында жарияланды. Онда келтірілген мәліметке сәйкес, төбелес «Рахат» шағынауданында болған.
«Алдын ала деректер бойынша, ер адамдар спирттік ішімдік ішкеннен кейін өзара жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан екеуі де пышақ жарақатын алған», — делінген хабарламада.
Полиция департаменті не дейді
Жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы нақтыланып жатыр. Бұл ақпаратты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство.