Атырауда мүмкіндігі шектеулі азамат өзіне қол жұмсамақ болды

0
404

Ол отбасына ақша таба алмағандықтан, өз өмірін қиғысы келгенін жеткізген.


Атырауда мүмкіндігі шектеулі азамат өзіне қол жұмсамақ болды

ERNUR.KZ. Атырауда мүмкіндігі шектеулі азамат, үш баланың әкесі ақшаның жетіспеушілігінен өзіне қол жұмсамақ болды: ер адамды полицейлер құтқарып қалды, деп жазады sputnik.kz.

Полицейлер түнгі сағат екіде Жұмыскер – Балықшы көпіріне шақыртумен барып, онда 35 жастағы мас ер адамның тұрғанын көрген.
Ер адам тәртіп сақшысына өзінің екінші топтағы мүгедек екенін айтқан. Ол отбасына ақша таба алмағандықтан, өз өмірін қиғысы келгенін жеткізген.

Полицейлер оны ағат қадам жасамауға көндіріп, полиция бөліміне жеткізді.