Атырауда оқушыны көлік қағып кетті

0
89

Қайтыс болған қыз бала Binom мектебінде оқыған.


Атырауда оқушыны көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Атырауда жаяу жүргіншілер өткелінде оқушыны көлік қағып өлтірді, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға 6 сәуір сағат 07:45 шамасында болған.
"1974 жылы туған жүргізуші Toyota Hiace автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 8 жастағы баланы қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды", - дейді полиция.
Қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
Қайтыс болған қыз бала Binom мектебінде оқыған.