​Атырауда тоғыз күнде 900-ге жуық медицина қызметкері вакцина алды

0
2 468

Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген.


​Атырауда тоғыз күнде 900-ге жуық медицина қызметкері вакцина алды

Атырау облысында ақпанның 1-9 аралығында 873 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады", деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"9 күнде облыста 873 медицина қызметкері екпе алды. Оның ішінде 300-ге жуығы аудандық емханалардың қызметкері. Вакцина алған медицина қызметкерлерінің денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді",- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.

Айта кетейік, бұған дейін облысқа коронавирус инфекциясына қарсы 1000 доза екпе әкелінгенін хабарлаған болатынбыз. Вакцина өңірдегі 24 екпе егу нүктесінде салынуда.