Атырауда туған баласын суицид жасауға дейін жеткізген әке 6 жылға сотталды

0
160

Жасөспірім 2023 жылдың қарашасында суицид жасамақ болған.


Атырауда туған баласын суицид жасауға дейін жеткізген әке 6 жылға сотталды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Атырауда туған баласын суицид жасауға жеткізген ер адам 6 жылға сотталып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Белгілі болғандай 2023 жылдың қарашасында ер адам кәмелетке толмаған баласына қатыгездікпен қарап, оны өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін жеткізген.

Алайда ол өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады.

«Сотталушының жазасы мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Ол тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігінің негізінде түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық сот хабарламасында.