ҰБТ: шығармашылық мамандыққа түсетіндерге маңызды 5 талап

0
85

Бірақ грант конкурсына құжат тапсырғанда бес пән бойынша ҰБТ нәтижесімен немесе шығармашылық бағыт бойынша қатысудың бірін таңдауы қажет.


ҰБТ: шығармашылық мамандыққа түсетіндерге маңызды 5 талап

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ERNUR.KZ. ҰБТ-да шығармашылық бағытты таңдағандар тек бір ЖОО-ға өтініш бере алады, деп жазады inform.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, егер шығармашылық бағытқа түсуді жоспарласаңыз, ҰБТ-да «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндерін тапсырасыз.

Шекті балл:

  • Қазақстан тарихы — кемінде 5 балл;
  • Оқу сауаттылығы — кемінде 3 балл.
  • Тестілеу уақыты — 70 минут.
— Ал шығармашылық емтиханды таңдаған ЖОО-да тапсырасыз. Оның форматы мен күнін университеттің қабылдау комиссиясынан нақтылауды ұмытпаңыз. Шығармашылық емтихан нәтижесімен грант конкурсына қатысатын талапкерлер тек бір ЖОО мен бір білім беру бағдарламасын таңдай алады, — делінген Ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпаратта.

Ал бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер шығармашылық бағытқа түсу үшін университетте шығармашылық емтихан тапсыра алады. Бірақ грант конкурсына құжат тапсырғанда бес пән бойынша ҰБТ нәтижесімен немесе шығармашылық бағыт бойынша қатысудың бірін таңдауы қажет.