Атырауда үш адамды атып өлтірді деп айыпталған тұрғынға қатысты сот басталды

0
429

Қылмыс осы жылдың наурызында болған.


Атырауда үш адамды атып өлтірді деп айыпталған тұрғынға қатысты сот басталды

ERNUR.KZ. Атырауда қаланың қақ ортасында үш адамды жайратып салған ер адамға сот басталды, деп жазады exk.kz.

Қылмыс осы жылдың наурызында болған. Ер адам үйіндегі тапаншамен қаланың қақ ортасында үш адамды атып өлтіріп, тағы бір адамды ауыр жаралады. Қылмыстың себебі — отбасылық жанжал.

Іс төрт айға жуық уақыт тергеліп, сотқа жетті. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті. Тұрғынға ҚК 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi сақтау, алып жүру) және 99-бабымен (Адам өлтіру) айып тағылған.

Сотта айыпталушы мен оның анасы жәбірленушілерден кешірім сұрап, көңіл айтты. Бірақ сотталушы өзіне ҚК 99-бабымен тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Сондай-ақ ол алқа билер сотынан да бас тартты. Басты сот талқылауы 5 қыркүйекте өтеді.