1 шілдеде Атырау-Алматы бағытындағы KC7196 рейсі сағат 7:00-де Қызылордаға шұғыл қонды.
ERNUR.KZ. Атыраудан Алматыға ұшқан ұшақ жолаушылардың бірінің денсаулығына байланысты шұғыл түрде Қызылордаға қонды, деп жазады zakon.kz.
FlyArystan әуе компаниясының хабарлауынша, 1 шілдеде Атырау-Алматы бағытындағы KC7196 рейсі сағат 7:00-де Қызылордаға шұғыл қонды. Оған жолаушылардың бірінің денсаулығының нашарлығы себеп болған.
"Жолаушы Қызылордада медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Ұшаққа жанармай құйылды, ол Алматыға ұшуға дайындалып жатыр", - делінген әуетасымалдаушы хабарламада.
Әуе компаниясы рейстің кешігуіне тасымалдаушының кінәсі болмағанын атап өтті.
Бұған дейін Дубайдан Алматыға ұшатын қазақстандықтар техникалық себептерге байланысты шетелде біраз уақыт "құлыпталған".