Атыраулық менеджерге халықаралық іздеу жарияланды

0
640

Ол салық төлеуден жалтарған.


Атыраулық менеджерге халықаралық іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Атырау облысы кәсіпорындарының бірінің менеджері аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен іздестіріліп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Karachaganak Support Service" ЖШС бизнес-менеджері Б.К. Меңдіғазиевке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Іздестіру аса ірі мөлшерде бюджетке салық төлеуден жалтару, сондай-ақ "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, қатысу" деректері бойынша жүргізіледі", - делінген ҚМК хабарламасында.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қашып кеткен, осыған байланысты қазіргі уақытта халықаралық іздеу жарияланды.

"Тергеу әрекеттері аясында "Karachaganak Support Service" ЖШС кеңсесінде және оның тұрғылықты жері бойынша соттың санкциясымен тінту жүргізілді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.