Әуе билеттері арзандайды: заңнамадан "отын алымы" алынып тасталады

0
885

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров әуе билеттері енді негізсіз көтерілмейтінін айтты.


Әуе билеттері арзандайды: заңнамадан

НҚА-дан "отын алымы" деген ұғым алынып тасталады. Бұл билет бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермейді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады informburo.kz.

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кеңес өтіп, көлік, байланыс және отын-энергетика кешендеріндегі бәсекелестікті дамыту шаралары қаралды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров әуе билеттері енді негізсіз көтерілмейтінін айтты.
"Азаматтық авиацияны дамыту шеңберінде барлық тасымалдаушыға "Ашық аспан" режимінің қолжетімдігін қамтамасыз ету және авиациялық отын жеткізу нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері пысықталды. Динамикалық баға белгілеу жүйесі де реттеліп, НҚА-дан "отын алымы" түсінігі алынып тасталады. Бұл билет бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермейді", – деді Марат Омаров.