Осы жылдың қаңтар айында елімізде әуе кемелерімен 592 мыңнан астам адам тасымалданған
ERNUR.KZ. Биылғы қаңтарда еліміздегі әуекомпаниялардың кірістері 19,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,8 пайызға аз, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Соның ішінде 17,9 млрд теңге жолаушылар тасымалынан, 1,7 млрд теңге жүк тасымалдаудан түскен.
Айта кетсек, өткен жылдың қаңтарында әуекомпаниялардың кірістері бір жыл ішінде 31,3%-ға өсіп, 33,1 млрд теңгеге жеткен.
Осы жылдың қаңтар айында елімізде әуе кемелерімен 592,1 мың адам тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,1%-ға аз.
Айта кетейік, Қазақстанда «Эйр Астана», SCAT, QAZAQ AIR, FlyArystan және басқа әуе компаниялары жұмыс істейді.