Қазақстанда бас санитар дәрігердің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасов ауруханалардағы медицина қызметкерлеріне маска тағу режимін қайтару туралы қаулы шығарды.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі жедел мессенджерлерде жұқпалы аурулар ауруханаларының коронавирус індетімен ауыратын науқастарғаа толып жатқаны туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп жазады stan.kz.
"Ақпарат шындыққа жанаспайды. 2024 жылдың басынан бері елде Covid-19 жұқтырған тек 1 356 жағдай тіркелді. Аурушаңдық сегіз есеге азайған. Коронавирус инфекциясы бойынша жағдай бақылауда тұр", – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда барлығы 6 285 жұқпалы ауру төсек-орындары орналастырылған, оның ішінде коронавирус бойынша толымдылық саны 0,1%. Денсаулық сақтау министрлігі жалған ақпарат таратқан тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырғанын атап өтті.
Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері 21 сәбидің Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны хабарланған еді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бас санитар дәрігердің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасов ауруханалардағы медицина қызметкерлеріне маска тағу режимін қайтару туралы қаулы шығарды. Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары 1 қыркүйектен бастап медициналық ұйымдарды тұмауға қарсы екпеге дайындау керек.