"Аутист балаларды өлтіру керек": Блогер неге өрескел пікір жазғанын түсіндірді

0
115

Әлеуметтік желілерде ерекше балаларға қатысты "Аутист балаларды өлтіру керек" деп даулы пікір айтқаны үшін Алматыда блогерге қылмыстық іс қозғалды.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде "аутист балаларды өлтіру керек" деп өрескел пікір жазған блогер Райхан Жұмамұратова кешірім сұрады, деп жазады baq.kz.

Мен ешқандай қатыгез адам емеспін! Бұл жерде тек эмоция кінәлі. Инстаграмда ауыр пікір жазғанымды, қаншама ата-ана мені сынап жатқанынан кейін ғана түсіндім. Аутист диагнозы осындай көп деп ойламаппын. 2 жасар баланы өзімнің баламмен бірдей деп ойлап, сол баланың орнына өз баламды қойып көргендей сезіммен ашуға беріліп айтып қойдым. "Ойланбай сөйлеген аңдымай өледі" деген сөздің мағынасын халық болып түсіндіріп жатырсыздар, – деп ақталды блогер.

Сондай-ақ, ол өзінің ашуға булығып, ойланбай жазған пікірі үшін кінәлі екенін айтып, оқырмандардан сол қателікті қайталамауды сұрады.

Негізі скрининг кезінде айтады "бала ауырып қалса аборт жасайсыз" деп. Бір жағынан соны ойладым, бір жағынан 2 жасар баланы аяп, ауыр сөздер жазып қойдым. Шын көңілмен кешірім сұраймын аутист балалардың ата-аналарынан! Мен ойланбай жазып қойып күнәға батсам, сіздер мені осознанно сынап, ауыр сөз жазбаңыздар. Сау бала болсын, диагнозы бар бала болсын, әр ата-ана өз баласына жауапты. Неге қоғамда аутист балалар көп және оның салдары неден болуы мүмкін? – деді Райхан Жұмамұратова.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде ерекше балаларға қатысты "Аутист балаларды өлтіру керек" деп даулы пікір айтқаны үшін Алматыда блогерге қылмыстық іс қозғалды.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде аутист балаларға қатысты өрескел мәлімдеме жасаған блогердің іс-әрекетіне заң аясында баға берілуі тиіс екенін атап өтті.