​Ауыл тұрғындарын скринингтен өткізу қызметтерінің тізбесі кеңейтілді

0
873

Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.


​Ауыл тұрғындарын скринингтен өткізу қызметтерінің тізбесі кеңейтілді

ERNUR.KZ. Ауыл тұрғындарын скринингтен өткізу қызметтерінің тізбесі кеңейтілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады inform.kz.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының пандемиясы жылдарында шектеу іс-шараларына орай ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек деңгейі төмендеді. Бұл тұрғыда ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық тексерулер енгізіліп жатыр.
«Халықтың денсаулығына қатысты жүргізілген талдауды ескере отырып, нысаналы топ пен ауыл тұрғындарын скринингтен өткізу қызметтерінің тізбесі кеңейтілді. 15 қыркүйектен бастап Қарағанды облысы Абай ауданының, Ақмола облысы Аршалы ауданының және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аудандық орталық ауруханаларында қанатқақты жоба жүргізіліп жатыр. 20 қазаннан бастап ауылдарда профилактикалық тексерулер бүкіл ел бойынша жүргізілетін болады», - деді министр.
Профилактикалық тексерулер жүрек және қантамыр жүйесі ауруларының, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының ерте кезеңдерін анықтауға бағытталған.
Асқазан-ішек жолдарының ауруларын, 18-70 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы адамдарда несеп бөлу жүйесі дертін, 50-ден асқан адамдардың тыныс алу органдары ауруларын және қуықасты безінің обырын ерте анықтау қызметтері кеңейтілді.
Мұнымен қоса, 18 жасқа дейінгі балалар үшін, яғни 1 жас, 3 жас, 6 жас және 14 жастағы жеткіншектерді зертханалық зерттеудің қосымша жалпы клиникалық әдістері енгізілді.