Австрияның ірі компаниясы Қазақстанда зауыт салу жоспарынан бас тартты

0
1 037

Бұл зауыттың құрылысы тұрақты 1000 жұмыс орнын қамтамасыз етер еді.


Австрияның ірі компаниясы Қазақстанда зауыт салу жоспарынан бас тартты

ERNUR.KZ. Австриялық Borealis компаниясы ойлана келе Қазақстанда полиэтилен шығаратын ірі зауытын салу жоспарынан бас тартты, деп жазады zakon.kz.

Мұндай шешімге бір жағынан COVID-19 пандемиясынан туындаған жағдай себеп болып отыр, компанияның сарапшылары болашақта нарық сұраныстары қандай болатыны белгісіз болып тұрғанын есепке алып, мұндай тәуекелден бас тартқан.

Ал бұл зауыттың құрылысы тұрақты 1000 жұмыс орнын қамтамасыз етер еді, деп жазады JexeNews телеграм каналы.

Былтыр бұл жоба туралы асқан мақтанышпен ҚР Энергетика министрлігі мәлім еткен болатын.

Әрине, ертең министрлік инвестордан айырылып қалғанына COVID-19-ды кінәлайды.

Австриялық Borealis компаниясы – әлем бойынша полиэтилен шығаратын ең ірі төрт өндірушінің қатарына кіреді.