Автобус пен тепловоз апаты: Зардап шеккендердің жағдайы айтылды

0
205

Бүгін 11:40–та Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысқан болатын.


Автобус пен тепловоз апаты: Зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Фото: Медициналық орталық

ERNUR.KZ. Алматының Алмалы ауданында № 88 бағыттағы қоғамдық көлік пен тепловоз соқтығысты. Оқиға салдарынан зардап шеккендердің саны жетіге жетті, деп жазады inform.kz.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен 80 жастағы науқас оң жақ қабырғаларының сынығы, білек сүйегі сынығы диагнозымен Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады.

Бір науқас Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасына жеткізілген. Қалған жолаушылар мамандар тексеруінен кейін үйге жіберілген.

— Бес науқаста қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіліп, мамандардың тексеруінен кейін шұғыл ауруханаға жатқызу белгілері анықталған жоқ. Олар тұрғылықты жері бойынша бекітілген емханаға амбулаторлық бақылауға жіберілді, — деп хабарлады басқармадан.

Еске салайық, бұған дейін сағат 11:40–та Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысқанын жазғанбыз.