"Бабадук" деген біреу балаларға "ата-анаңды өлтіреміз" деген хабарлама жолдауда.
ERNUR.KZ. Алматы облысының балаларына қорқынышты хабарламалар келуде. Онда "Бабадук" деген біреу бала хабарламаны 15 адамға таратпаса, "ата-анаңды өлтіреміз" деген қоқан-лоққы көрсетуде деп жазады nur.kz.
Бұл туралы Қапшағай қаласының тұрғыны Facebook парақшасында жариялаған.
"Аналардың бірі What'sApp тобына мына хабарламаны жіберді. Көбісі балаларының осындай хабарлама алғанын растады. Қала тұрғындарын мұндай бопсалау түрінің қауіпті екенін балаларға жеткізуді сұраймын. Сүйкті ойыншығы ата-анасының қол-аяғын кесе алмайтынын түсіндіріңіздер", - деп жазды Юлия Трофимова.
Осыдан кейін қала тұрғындары Юлияға жаза бастаған.
"Менің балама да осындай хабарлама келді. Оған сыныптасы жіберіпті. Қызым оған мән бермеген, бірақ аяғына дейін оқығанымда қатты таңғалдым", - деп жазды желі қолданушысы.
Қоғам белсендісі Жанна Ахметова жасөспірімдер мұндай хабарламаны ата-анасынан жасырып, "Бабадукқа" сеніп қалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Білім министрлігінің бұл жағдайға мән беруін өтінді.
"Ересектер ғылыми нақтылануы болмаса да, бақсы-балгерге, астролог, нумерологтарға сенеді. "15 адамға жіберсең, табысқа кенелесің" деген хабарлама келгенде оны таралып жатады ғой. Бәріміздің мінез-құлқымыз әртүрлі. Сондықтан кейбір бала сеніп қалуы мүмкін. Абай болу керек. Аналарға балалармен сөйлесуге кеңес беремін", - деді Жанна Ахметова.
Қапшағай қаласының білім бөлімі жағдайды бақылауына алды.