Қазақстанда электронды кеден іске қосылды

0
1 452

"АСТАНА-1 жүйесі барлық кедендік шараны қамтып, мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық деректер базасымен біріктірілген, сонымен бірге ҚР-ның басқа мемлекеттік органдарымен өзара ақпарат алмастыруға мүмкіндік береді", - деді Қаржы министрлігі.


Қазақстанда электронды кеден іске қосылды

Автоматтандырылған жүйе кеден шараларын жеңілдетіп, әкімшілік шығынды қысқартады. Қазақстанда "Астана-1" атты кедендік және салықтық басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik.

"АСТАНА-1 жүйесі барлық кедендік шараны қамтып, мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық деректер базасымен біріктірілген, сонымен бірге ҚР-ның басқа мемлекеттік органдарымен өзара ақпарат алмастыруға мүмкіндік береді", - деді Қаржы министрлігі.

Сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылар бірыңғай ақпараттық платформада бола отырып, кез келген операцияны іске асыра алады. Бастапқы ақпарат беруден бастап, тауардың шығарылуын қадағалауға дейін. Сонымен қатар бүкіл кедендік процесті автоматты түрде бақылауға мүмкіндік бар.

Жүйені қолданушылар тегін пайдалана алады, барлық кедендік операция интернетте жүзеге асады.