"Азғындап, бөксесінен ұруға тырысқан": Қарағандыда белдемше киген ер адам бойжеткенге тиіспек болған

0
270

Қарағандылық қыз болған оқиғадан қатты қорқып қалған.


ERNUR.KZ. Қарағандыда белдемше киіп алған ер адам көшеде кетіп бара жатқан қызға тиісіп, оны азғындамақ болған. Кейін оны полицейлердің жындыханаға қамағаны анықталды, деп жазады stan.kz.

Қарағандылық қыз болған оқиғадан қатты қорқып қалған. Тіпті болған оқиғаны оның өзі емес, құрбысы желіге салып бөліскен. Айтуынша ол қатты қорыққаннан біртүрлі адамды суретке де түсіре алмаған.

"Жақында менің құрбыммен келеңсіз жағдай болды. "Дипнер шипажайының" жанында оған сарғыш шашты, белдемше киіп алған бір адам келіп, тиісе бастады. Ол оны азғындап, бөксесінен ұрмақ болған. Құрбымның әдемі екенін және оны қатты қоздырғанын айтқан. Алайда құрбым ол кезде қарапайым джинсы мен футболка киген. Жақын жерде ешкім болмағандықтан, ол қатты қорқып, үнсіз "Гигант" жақтағы тұраққа қарай жылжи бастады. Себебі әлгі адаммен тұрған жерде қоршау мен ағаштар болды. Құрбым кетіп бара жатқанда ер адам "Ксения" деп айқайлап, артынан жүрді. Кейін алдынан адамдарды көрген соң, басқа жаққа қарай жылдам қаша жөнелді. Құрбымның қатты қорыққаны соншалық айқайлап, оны суретке түсіре алмады. Менің досымның орнында кез келген басқа әйел немесе жасөспірім болуы мүмкін еді. Бұл өте қорқынышты. Егер ертең бірдеңе болса, бұл адамға ештеңе болмайды. Сақ болыңыздар!", – деді қарағандылық бойжеткен жағдайды сипаттап.

Оқиғадан кейін Қарағанды облысының полиция департаменті бұл адамға іздеу жариялады. Нәтижесінде ұсталып, психоневрологиялық диспансерге жеткізілгенін мәлімдеді.

"Бұл факт полицияда тіркелген. Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтады. Денсаулық жағдайына байланысты облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылды", – деп хабарлады ведомство.