«Әжеміздің шөбере келіні»: Маңғыстаудағы 16 жасар балалардың тойы қызу талқыланып жатыр (видео)

0
539

Екі жас та 2008 жылы туған.


«Әжеміздің шөбере келіні»: Маңғыстаудағы 16 жасар балалардың тойы қызу талқыланып жатыр (видео)

ERNUR.KZ. Маңғыстауда өткен 2008 жылғы қыздың тойы желіде қызу талқыға түсті. Себебі оның қайын атасы 1985 жылғы болса, енесі 1990 жылғы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тойдың Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында өткені белгілі болды. Шаңырақ көтергендердің екеуі де 2008 жылғы. Келіннің енесі де кезінде осы әулетке 16 жасында келін болып түскен екен.

Видеоны таратқан әулеттің туысы жақынының тойы бұлай қатты талқыланады деп күтпеген.

«Өзі 16 жасында келді. Баласы да 16 жасында үйленіп жатыр. Әулетіміздің көпшілігі ерте келін болып түсті. Үлкен әжеміздің шөбере келіні. Сіздерге де шөбере келіннен шай ішу бұйырсын. Жаман пікір жазбаңыздар»,- дейді әулеттің мүшесі.

Желі қолданушылары бұл жайтқа түрлі пікір қалдырған. Кейбірі бұл тойды қолдап,13-те отау иесі екенін айтып жатса, кейбірі жастар әлі бала екенін атап өткен.