"Азия Авто"-ның сегіз топ-менеджері қамауға алынды

0
771

​Күдікке ілінгендердің туыстары, олардың бес айдан бері қамауда отырғанын айтты.


ERNUR.KZ. "Азия авто" кәсіпорнының сегіз топ-менеджеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар қамауға алынған, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Сегіз адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар қамауға алынды. Күдіктінің алтауы ер адам, екеуі әйел. Әзірге істің сотқа қандай форматта түсетіні белгісіз. Ол жабық жағдайда өтуі мүмкін", - деді ол.

Күдікке ілінгендердің туыстары, олардың бес айдан бері қамауда отырғанын айтты.
2021 жылдың қыркүйек айында олар кәсіпорындағы кеңеске кетіп , содан оралмаған.
Сол уақытта "Азия Авто Қазақстан" АҚ басшысы Антон Ненахов өлі табылған болатын. Ол бұл қызметке 2021 жылдың тамызында тағайындалған. Оның өліміне қатысты "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Азия Авто" кәсіпорынымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бұзған болатын. Сот келісімді жарамсыз деп таныды.