«Бағаны өсірмеңіздер»: Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

0
748

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт 9 шілдеге белгіленген.


«Бағаны өсірмеңіздер»: Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

ERNUR.KZ. Осыған орай еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп жазады baq.kz.

Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерді азық-түлік пен мал бағасын өсірмеуді, халықтың қалтасымен санасуға шақырды. Сондай-ақ биыл да құрбандық шалу ел аумағында офлайн және онлайн режимде жүзеге асатынын айтты. Бұл бағытта арнайы сайт жұмыс істемек.

Үстіміздегі жылдың жыл санауы бойынша 8 шілде күні, Алла қаласа, арафа күні болады. Ал енді Құрбан айт мерекесенің алғашқы күні, Алла қаласа Құрбан айт күні ол тоғызыншы шілдеге келіп отыр. Алла Тағала баршамыздың тілегімізді, ниетімізді қабыл етсін, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер qurban2022.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.

Сондай-ақ төлем жасау барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі.