​"Бай болғыңыз келсе..." Жаңа жылды қандай түсті киіммен қарсы алған жөн?

0
1 707

Денсаулық үшін – зәйтүн немесе қыша түстес киім таңдаңыз.


​

ERNUR.KZ. Келе жатқан жаңа жылдың символы – доңыз. 2019 жыл табысты болу үшін қандай киім кию керектігін астролог Ирина Әбдірайымова айттты, деп жазады sputniknews.kz.

Қытай жұлдыз жорамалына сүйенсек, келер жылдың символы – доңыз жер элементтерін басқаратын болады. Оған лайықты түстер: сары түстің алуан түрі – сары, құм түстес, лимон түстес; жасыл түс – хакиден бастап замартас түсіне дейін, сонымен бірге қоңыр түстің алуан түрлері. Бұларды алтын түспен үйлестіруге болады, себебі доңыз байлық пен дәулетті білдіреді.

"Салтанатты кешке шағын әрі әдемі бұйым таққан жөн, киген көйлегіңізге жарасып тұрсын. Жер элементтері – әртүрлі минералдар. Жаңа жыл иесін кез келген табиғи тастар қуантады. Жоғары күштің қолдауына ие болғыңыз келсе, жаңа бірдеңе киіңіз. Қаржылық жағдайыңызды жақсартып, табысты болғыңыз келсе, сары түсті киімдер таңдаңыз, денсаулық үшін – зәйтүн немесе қыша түстес киім, ал махаббатқа кофе түстес және қою қызыл түсті киімдер себепші болады", — деп атап өтті астролог.

Жаңа жылды ер азаматтар қандай киіммен қарсы алғаны дұрыс екенін аудиодан тыңдаңыз.