Байқоңырға заңсыз кірмек болған француз жолда көз жұмды

0
363

Былтыр ғарыш айлағына жақын тұрған қалаға кіру тәртібі туристер үшін жеңілдетілген. Соған қарамастан, Франциядан ұшып келген екі шетелдік заңсыз кірмекші болды.


Байқоңырға заңсыз кірмек болған француз жолда көз жұмды

ERNUR.KZ. Францияның екі азаматы ғарыш айлағына заңсыз кіруге тырысты. Біреуі жолда шөлден қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Шетелден келген экстремал туристердің көбісі Байқоңырға заңсыз кіруге тырысып жатады. Екі француз да осы жолды таңдапты.
"Францияның екі азаматы ғарыш айлағына заңсыз кірмек болған. Екеуі "классикалық" жолды таңдапты. Тас жолға шығып, ай даладағы биік ғимараттарға қарай бет алған. Жолда біреуі өзін нашар сезінген", - деді агенттікке оқиғаны білетін адам.
Екінші француз досына көмек бере алмай, кері тас жолға қарай жүгіреді. Тас жолға жетіп, өтіп бара жатқан көлікті тоқтатқанша, жағдайды түсіндіріп, көмек шақырғанша далада жатқан досы шөлден қайтыс болған. Маусым айында Байқоңырда ауаның орташа температурасы +33 градусқа дейін барады.
Айта кетері, былтыр ғарыш айлағына жақын тұрған қалаға кіру тәртібі туристер үшін жеңілдетілді. Соған қарамастан, Франциядан ұшып келген екі шетелдік турист заңсыз кірмекші болды.
2022 жылы "Роскосмостың" сол кездегі басшысы Дмитрий Рогозин Ұлыбритания азаматы Бенджамина Рич пен Беларусь азаматы Алина Зелупаның 112 ұшыру алаңы жанынан ұсталғанын хабарлады. Ол жерде кеңес кезінде жасалған "Буранның" екінші үлгісі тұр.