«Бәйтерек» ғарыш кешенінің құрылысы шегерілді

0
698

Бұл кешен Байқоңырдың маңыздылығы үшін керек.


«Бәйтерек» ғарыш кешенінің құрылысы шегерілді

ERNUR.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Бәйтерек» ғарыш кешенін салу мерзімі шегерілгенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Осыған дейін белгіленген мерзім шегеріліп жатыр. Алайда бұл бағыттағы жұмыс жоспары өзгермеген. Бұл кешен Байқоңырдың маңыздылығы үшін керек. Аталған мерзім техникалық құжатнаманы даярлауға қатысты шегерілді. Атқарылуы тиіс жұмстар бойынша құжаттарды қабылдау күрделі болып жатыр. Атап айтқанда, бұл шешім басқа себептерге байланысты емес», - деді Б. Мусин Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда тілшілер министрден құрылыс жұмыстарына қатысты нақты мерзімді атауды сұрады.

«Шамамен жарты жыл немесе ары кеткенде бір жыл уақыт керек. Бұл бағыттағы құжат бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ құрылыс жұмыстары басталмады. Жобалау жұмыстарына біраз уақыт керек», - деді ведомство басшысы.