Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
ERNUR.KZ. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда басталады, - деп жазады kaz.tengrinews.kz.
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Бастапқыда іс №2 қалалық соттың судьясы Дәуренбек Даумовқа жүктелген болатын, бірақ оның жақында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып тағайындалуына байланысты істі басқа судья қарайды.
Қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталған. Ол жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазбаған.