​Бақытжан Сағынтаев Digital Union идеясы туралы айтты

0
209

III Еуразиялық экономикалық форумда үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтіп жатыр.


​Бақытжан Сағынтаев Digital Union идеясы туралы айтты

фото : правительство Российской Федерации

ERNUR.KZ. Үкімет басшылары ІІІ Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен пленарлық отырыста ЕЭК төрағасы Бақытжан Сағынтаев Digital Union идеясы туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Ұлттық үкіметтердің табысты тәжірибесіне сүйене отырып және интеграцияланған ақпараттық жүйенің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, біз Digital Union идеясын ұсындық. Оның мақсаты – халық пен бизнеске еуразиялық экономикалық интеграцияның артықшылықтарын нақты көрсету. Бұл ретте біз ұйымға мүше мемлекеттердің цифрлық егемендігінің мызғымастығын негізге алдық", - деді Сағынтаев.
Тұжырымдама цифрландыруға жауапты ЕАЭО мемлекеттерінің тиісті ведомстволарымен келісілді. Ол идеяның үш принципін атады:
нормативтік және инфрақұрылымдық шешімдердің үйлесімділігі: ұлттық цифрлық платформаларға өзгертулер енгізу талап етілмейді;
ұлттық цифрлық платформаларды синхрондау және олардың үздіксіз өзара әрекеттесу мүмкіндігі;
интеграция: қажет болған жағдайда әрбір ел ортақ платформаның элементтеріне қосыла алады.
Ал Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Ресей ЕАЭО-дағы әріптестерімен цифрлық трансформация тәжірибесін бөлісуге дайын деп мәлімдеді.
"Мемлекеттік және муниципалды басқаруды, экономика мен әлеуметтік саланы цифрлық трансформациялау Ресей президенті белгілеген алдағы 12 жылдағы ұлттық мақсаттарының бірі саналады", - деп мәлімдеді Мишустин.
Ол сондай-ақ заңды тұлғалар – одақтың егемен елдерінің компаниялары мен азаматтарын цифрлық сәйкестендіруді аяқтау мәселесін шешудің маңыздылығын айтты.
Бұл мақсатқа қол жеткізгеннен кейін кросс-сертификаттау қажет болады. Оның үстіне барлық құрал ұлттық бағдарламалық өнімдерге құрылуы керек.
Сондай-ақ ЕАЭО-ның негізгі міндеттерін: тауарлардың, қызметтердің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін деректер негізінде платформа құру қажет.
Мишустин сондай-ақ кез келген ЕАЭО елінің тауарлары мен қызметтеріне тапсырыс берушіні осы қызметтерді жеткізушімен реттеуші органдар жұмыстарының шығындарына тап болмай және барлық ел үшін цифрлық егемендікті жоғалтпай байланыстыру қажет екенін айтты.
Қазақстан үкіметінің басшысы Олжас Бектенов ЕАЭО-ның мемлекетаралық деректерді және электронды құжаттарды алмасудың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу бірлескен жұмыстың негізгі міндеті болуға тиіс екенін айтты.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван сенім мен қауіпсіздік қағидаттары бойынша цифрлық архитектураны құрып жатқанын айтты.
Жалпы, ЕАЭО құрылған 10 жыл ішінде интеграциялық жоба ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді, деді Михаил Мишустин.
Одақ елдері экономикасының өсу қарқыны орташа әлемдік деңгейден асып түседі. ЕАЭО халықаралық аренада барған сайын танымал бола түсуде.