Алматы қаласының балабақшасында болған жағдай елдің жағасын ұстатты.
ERNUR.KZ. Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балабақшада бір топ баладан қорлық көрген балаға қатысты ақпаратпен бөлісті, деп жазады baq.kz.
Динара Зәкиева Алматыдағы балабақшада болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Алматыдағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Диана Ерлан ауруханаға барып, зардап шеккен баланың жағдайын біліп қайтты. Бүлдіршін ауруханада әжесімен бірге жатыр. Денсаулық жағдайы - орташа ауыр дәрежеде екен. Қазір оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр, - деді Зәкиева.
Еске салсақ, Алматы қаласының балабақшасында болған жағдай елдің жағасын ұстатты. Құрдасын жерге жығып, аяусыз тепкілеп жатқан кішкентай бүлдіршіндердің видеосы адамның жүрегін сыздатады. Бұл уақытта тәрбиеші басқа бөлмеге шығып кеткен екен.