Балабақшаға бармаған бүлдіршіндердің орны сақталады – министр

0
726

Коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты еліміздің алты өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты.


Балабақшаға бармаған бүлдіршіндердің орны сақталады – министр

ERNUR.KZ. Бүлдіршіндерді балабақшаға апару-апармауды әр ата-ана өзі шешеді, егер үйде қалса, оның балабақшадағы орны сақталады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Айтуынша, коронавирусқа байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарында балабақшалар жұмысын тоқтатқан. Қалған өңірлерде мектепке дейінгі ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

"Алайда балабақшаларға балаларды ата-аналары өз еркімен апаруға мүмкіндігі бар. Апармаған жағдайда, балалардың балабақшадағы орны сақталады",- деді Абаев астанада өткен онлайн-брифингте.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұрған балабақшаларға тек 67 мың бүлдіршін барып жүр. Бұл көрсеткіш 11 процентті құрайды.

Бұған дейін Дәурен Абаев 6 сәуірден бастап оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыру үшін дайындық жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған еді. Айтуынша, онлайн-сабақтар отыз минутқа созылады.