"Балалар толығымен эвакуацияланды". Алматы мектептері қоршауға алынды

0
536

Қазіргі уақытта №61, 83 мектептерінің аумағы қоршалып, балалар мен мұғалімдер толық эвакуацияланған.


ERNUR.KZ. Алматыда 26 мамырда Түрксіб ауданындағы мектептерде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр, деп жазады BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта №61, 83 мектептерінің аумағы қоршалып, балалар мен мұғалімдер толық эвакуацияланған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

"Қазіргі уақытта мектеп аумағы қоршалып, балалар мен мұғалімдер толық эвакуацияланды. Іс-шаралар алгоритмге сәйкес жүргізілуде. Қосымша ақпарат іс-шаралар аяқталған соң беріледі. Аталған жағдайға азаматтарды түсінікпен қарауды сұраймыз", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматы полиция департаментінің мәлімдеуінше, белгісіз біреу мектептің электронды поштасына білім ордасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама жолдаған.