"Балам 40 минут қиналып жатқан": Ақтауда бетіне оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі дәрігерлерді кінәлады

0
251

Бетіне оқ тиіп сарбаз Марат Барқұловтың әкесі ұлының өліміне қатысты тың деректерді бөлісті.


Фото: inbusiness.kz.

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы полигонда қаза тапқан сарбаздың әкесі дәрігерлерді “әрекетсіздік” танытты деп айыптады, деп жазады inbusiness.kz.

Бетіне оқ тиіп сарбаз Марат Барқұловтың әкесі ұлының өліміне қатысты тың деректерді бөлісті. Оның айтуынша, шақыртуға келген жедел жәрдем қызметкерлерінің ұлын аман алып қалуға мүмкіндіктері болған.

"Олар оны офицердің көлігіне тиеп, қалаға апарған. Оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алыпты. Осы жедел жәрдемде болған дәрігерлердің де жауапқа тартылуын қалаймын. Тек сөгіс емес, оларды жұмыстан шығару қажет. Жігіттер маған: "Ербол аға, олар келіп, не болды, ол кім, нешеде деп сұрады” деді. Яғни, олар ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Ал менің балам 30-40 минут қиналып жатқан. Оқ бетінен тиіп, басының артқы жағынан шыққан. Яғни, ми жұмыс істеп, бәрін түсініп жатқан. Оның қаншалықты қиналғанын елестете алмаймын", – дейді сарбаздың әкесі видеода.

Айта кетейік, бейнежазба TikTok желісінде жарияланған.