Баласын үйге жалғыз қамап кеткен павлодарлық ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
1 149

2015 жылы дүниеге келген бүлдіршін полиция бөлімшесіне жеткізілген.


Баласын үйге жалғыз қамап кеткен павлодарлық ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Түнгі сағат 02:39 шамасында Павлодар қаласының полиция бөліміне Қамзин көшесінде орналасқан пәтерлерінде бірінде жылаған баланың даусы шығып жатқандығы туралы хабар түскен, деп жазады Stan.kz.

Келіп жеткен тәртіп сақшылары баланың үйде жалғыз өзі екендігін анықтаған. Құтқарушылар келіп жеткенше полицейлер баламен есіктің сыртынан сөйлесіп, оны жұбатып отырған.

2015 жылы дүниеге келген бүлдіршін полиция бөлімшесіне жеткізілген. Таңғы 4:00-де Павлодардың Солтүстік бөлімінен баланың анасы келген. Оның айтуынша, баласы ұйықтап жатқан кезде түнгі 12 жарымда үйден шығып, мейрамханаға бет алған. Үйіне келген ол көршілерінен баласын полиция қызметкерлері алып кеткендігі жайлы естіген. Медициналық тексерістің нәтижелеріне орай әйел мас болыпты.

33 жастағы Павлолар қаласының тұрғыны болып табылатын ананың атына әкімшілік іс қозғалған.
Жалпы, 2019 жылдың басынан бері 430 ата-ана баласына дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал одан бөлек 204 қазақстандық ата-ана құқығынан айырылған.