Балиде жезөкшелікке қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

0
127

Жалпы 12 әйел мен бір ер адам ұсталған. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Нигерия және Украина азаматтары бар.


Балиде жезөкшелікке қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

Фото: en.antaranews.com

ERNUR.KZ. Балиде жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен 13 шетелдік ұсталды. Олардың арасында Қазақстан азаматы да бар, деп жазады stan.kz.

Рейд 17 қыркүйек кешке Чангу, Семиньяк және Умалас аудандарында жүргізілген. Қазақстан азаматы Умаластағы вилладан үш Ресей азаматымен бірге ұсталған. Көші-қон қызметкерлері бұл мекенжай туралы ақпаратты Telegram желісінен жинаған.

Жалпы 12 әйел мен бір ер адам ұсталған. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Нигерия және Украина азаматтары бар.

Ведомство мәліметінше, тұрғындардан түскен хабарламалардан соң операция басталған. Қызметкерлер ақпаратты онлайн-платформалар арқылы тексеріп, бақылау жүргізген. Шетелдіктер Индонезияның көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінді.

Көші-қон қызметінің өкілдері ұсталғандарға депортация жасалып, Индонезияға бес жылға кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар оларға қатысты қылмыстық іс қозғау ықтималдығы да бар.