Банктегі есепшотын біреуге берген адам жазаланады – ІІМ ескертеді

0
142

Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбей де қалады.


Банктегі есепшотын біреуге берген адам жазаланады – ІІМ ескертеді

Фото: 7kun.kz

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы маңызды өзгерістер туралы ескертеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді", – деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.

Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбей де қалады.

Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті.

ІІМ ескертеді:

  • ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз;
  • күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.