Мәжіліс алаңында журналистер Бас прокурордан ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарының жағдайын сұрады.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты іс бойынша тек куәгер екенін айтты, деп жазады zakon.kz.
Мәжіліс алаңында журналистер Бас прокурордан ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарының жағдайын сұрады.
"Ол жай ғана куәгер ретінде жауап береді", - деді Берік Асылов.
17 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішті қызметінен босатты. Ол бұл қызметті 2015 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді.


