Баспана бағасы қай кезде түсетіні айтылды

0
2 550

Баспана бағасының өсуіне зейнетақы қорынан салымдарды шешу қаншалықты әсер еткенін айту қиын.


Баспана бағасы қай кезде түсетіні айтылды

ERNUR.KZ. «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова онлайн брифинг барысында баспана нарығына қатысты ойын білдірді, деп жазады baq.kz.

«Отбасы банкінің» өкілі қазір еліміздегі баспана нарығында бірінші және екінші деңгейлі жылжымайтын мүлік бағасының көтерілгенін және оған зейнетақыдан салымдарды шешу қаншалықты әсер еткеніне тоқталды.

Баспана бағасының өсуіне зейнетақы қорынан салымдарды шешу қаншалықты әсер еткенін айту қиын. Өйткені ел бойынша 700 мың адам ғана қордағы қаражатын шеше алады. Олардың тек 10 мыңы баспана мәселесі бойынша өтінім берген және оның басым көпшілігі үйдің қарызын шетінен жабуға бағытталған, - дейді ол.

Сондай-ақ ол үй бағасының өсуіне баспана салатын құрылыс компаниялардың баға саясаты әсер етті деген ойын білдірді.

Өйткені үйдің салыну кезеңінде баға арзан болады, ал құрылысы аяқталғанда баға өседі. Оның үстіне екінші деңгейлі нарық бар, онда бағаны сатушының өзі қояды. Олар зейнетақы қорындағы ақша шешіледі дегенді пайдаланып, бағаны негізсіз көтергенін байқап отырмыз. Дегенмен биыл көптеген үйдің құрылысы бітеді, тек Алматыда 8 мың адам баспанамен қамтылмақ. Оның төрт мыңдайы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Оған қоса салынып жатқан коммерциялық баспананың көбі биыл пайдалануға беріледі. Сондықтан осы жылдың екінші жартысында баспана нарығында баға түсе бастайды, - дейді Данагүл Түсіпова.