Басшы 5 миллион теңге бюджет қаражатын құмар ойынға ұтылып қалды

0
1 503

Кәсіпорын басшысы сегіз миллион теңгеден астам қаражатты жеке басына жұмсап, біраз бөлігін кейін қайтарған


Басшы 5 миллион теңге бюджет қаражатын құмар ойынға ұтылып қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Щучинск курорттық қаласында "Жаңа Тұрмыс 2020" компаниясының басшысы қалалықтардың қомақты қаражатын құмар ойынына тігіп ұтылып қалды, деп жазады sputniknews.

Щучинскіде 2012 жылы "ТКШ жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша төрт тұрғын үйде толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осы мақсатта 68 миллион теңге бөлініпті. 2013 жылы аудан әкімдігі жүргізілген жөндеу үшін тұрғындардан қайтарылатын қаражатты жинау үшін "Жаңа Тұрмыс 2020" ЖШС компаниясын құрады.

Биыл ақпан айында жергілікті билік 2016 жылы "Жаңа Тұрмыс 2020" ЖШС директоры болып тағайындалған азаматтан есеп сұрап, алайда ешқандай жауап ала алмаған.

Құқық қорғау органдары анықтағандай, тұрғындардың бәрі серіктестікке ақша төлепті. Алайда директор "Жаңа Тұрмыс 2020" компаниясының банк шоты мен кассасынан қаражаттың біраз бөлігін шешіп алған. 4 934 000 теңгені иемденген басшы Бурабай курортындағы "Cash Ville" казиносында құмар ойынға тігіп, ұтылып қалады.

Барлығы сегіз миллион теңгені иемденгені анықталды. Тергеу барысында ол кәсіпорынға бес миллион теңгені қайтарған екен.

Бурабай аудандық соты 38 жастағы бұрынғы директорды айыпты деп танып, 2,6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталған азамат мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылған. Сонымен қатар, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеліпті.