Басшысы істі болған Павлодар мұнай-химия зауыты қайта іске қосылды

0
559

Зауыт автомобиль бензинін, РЖ маркалы реактивті қозғалтқыштарға арналған отын, дизель отынын, мазут, мұнай коксын, жол битумын, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы газдар шығарады.


Басшысы істі болған Павлодар мұнай-химия зауыты қайта іске қосылды

ERNUR.KZ. Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеуден кейін қайта іске қосылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, уақытша жөндеу кезеңінде Қазақстан бойынша қажетті іс-шаралар орындалды. Зауытта жұмыстың өндірістік циклін үздіксіз қамтамасыз ету үшін жабдықтың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне техникалық куәландыру және сараптама жүргізілді.

Сонымен қатар технологиялық қондырғыларда жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарына сәйкес, жабдықтарды тексеру, тазалау және ауыстыру іс-шаралары жүргізілді. Бір апта ішінде өнім шығару көлемі 1,5 мыңнан 9 мың тоннаға дейін ұлғайтылмақ.

2022 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша «ПМХЗ» ЖШС 2 315 адам жұмыс істейтін 13 сервистік (аутсорсингтік) компаниямен 29 шарт жасасты. Осы мәселені реттеу мақсатында «ПМХЗ» ЖШС бұрын аутсорсингке шығарылған персоналдың жалақысын және әлеуметтік пакетін одан әрі арттыра отырып, сервистік компаниялардың қызметтерінің құнын арттыру бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ, аутсорсинг қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша шарт сомасын ұлғайту үшін қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер әзірленіп, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен келісілді.

Сонымен қатар жалақыны арттыру «ПМХЗ» ЖШС қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жүргізіліп, жұмыскерлердің біліктілігіне, орындайтын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасына, еңбек шарттарына қарай, сондай-ақ ұлғайтусыз қолданыстағы мұнай өңдеу тарифі шеңберінде дифференцияланады.

Аутсорсингтік компаниялар персоналының лауазымдық және тарифтік мөлшерлемелері әр компания үшін жекелей жұмыскерлердің біліктілігі, орындайтын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасына, еңбек шарттарына байланысты 14-тен 56%-ға дейін ұлғайтылады.

Зауыт автомобиль бензинін, РЖ маркалы реактивті қозғалтқыштарға арналған отын, дизель отынын, мазут, мұнай коксын, жол битумын, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы газдар шығарады.

Еске сала кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Сәуірде зауыт директоры Оспанбек Әлсейітов облыстық мәслихаты депутаты мандатынан айырылды.

Жуырда Павлодар мұнай-химия зауытына жаңа басшы тағайындалды.