Ол жазбасында Абат Айымбетовті Түркиядағы чемпионатта сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.
Фото: sports.kz
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Instagram-дағы парақшасында қазақша жазба жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
Ол жазбасында Абат Айымбетовті Түркиядағы чемпионатта сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.
"Абат қуантты! Ойыншыларымыздың еуропалық чемпионаттардағы жетістіктерін ұдайы бақылап отырам. Кеше шабуылшы Абат Айымбет Түркиядағы чемпионатта "Адана Демирспор" үшін гол салды. Бұл – оның үшінші матчтағы үшінші голы. Міне, бүгін Абатқа қоңырау соғып, жетістігімен құттықтадым. Осы қарқынды төмендетпеуіне тілектестік білдірдім. Ол дарынды жігіт, болашағы алда. Жарайсың, бауырым!", – деп жазды Черчесов.