Басым көпшілігі қалада тұрады – Қазақстан халқының саны туралы мәліметтер жарияланды

0
153


Басым көпшілігі қалада тұрады – Қазақстан халқының саны туралы мәліметтер жарияланды

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы 1 желтоқсандағы Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады, деп жазады Stan.kz.




Статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 1 желтоқсанда 20 миллион 265 мың 320 адам тұрған. 2024 жылдың басымен салыстырғанда қазақстандықтардың саны 231 мың 478 адамға өскен. Табиғи өсім 217 мың 133 адам., таза көші-қон – 14 мың 345 адам болды.

Қазақстанда миллионнан астам халқы бар үш қала: Алматы – 2 миллион 286 мың 328 адам, Астана – 1 миллион 520 мың 756 адам және Шымкент 1 миллион 253 мың 280 адам.