"Қаратөбе-Қарақамыс" автожолында су ағынын жол үстімен өткізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
ТЖМ қызметкерлері әкімдікпен бірлесіп, Қалдығайты өзенінің суын жол төсемдерінің үстімен өткізе бастаған.
Министрліктің хабарлауынша, бұл шаралар жолдың шайылып кетуінің алдын алады, сондай-ақ елді мекендердің су астында қалуына жол бермейді.
Ведомство мәлім еткендей, бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеген.
"Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ, жол жүруге жарамды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Әкімдік кезекшілікті ұйымдастырып, жағдайды өз бақылауына алды", – деп хабарлайды министрлік.