Батыс Қазақстан облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

0
229

Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарын қуаңшылық қыспаққа алған, одан бөлек киік қаптап кеткен.


Батыс Қазақстан облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының екі ауданында жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Сол себепті мал азығын дайындау қиын. Қазір шаруаларға көмекқаржы бөлініп, жеке тұрғындарға шөпті шалғайдан тасымалдауға көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар "Қазагроқаржы" және "Аграрлық несие корпорациясы" шаруалардың қарызын кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған.

Жәнібек ауданында 118, Бөкей Ордасында 175 қожалық лизингке техника алса, қос ауданда 472 ауылшаруашылық құрылымының борыштары бар екен. Әкімдіктер тиісті тізімді қаржы институттарына жолдаған.

– Арыз-талап түскен жағдайда жеке арыз қаралады. Яғни реструктуризация қаралып, жеңілдік жағын қарап беруге әзірміз. Реструктуризация дегеніміз - биылғы төлемдері болған жағдайда 24-тің төлемдері әрі қарай шегіндіреді. Графигін, төлем кестесін өзгеретеміз де. Сонда қиыншылық болмайды, – дейді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ БҚОФ директоры Марат Сарсеев.