Жүргізуші жарақат алған.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында бірнеше автокөлік соқтығысып, жүргізуші жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 наурыз күні шамамен сағат 12.07-де Бөрлі-Ақсай жолында болды.
«Ниссан» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі басып озамын деп, «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Содан кейін «Ауди» және «Тойота» автокөліктерімен түйіскен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ниссан» жүргізушісі түрлі жарақат алды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді.