Батыс Қазақстанда көпірді су шайып кетті

0
180

Қазіргі кезде негізгі көпірді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Батыс Қазақстанда көпірді су шайып кетті

фото: Сырым аудандық әкімдігі

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында уақытша саланған көпірді су шайып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Сырым аудандық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, "Ақсай-Жымпиты" облыстық маңызы бар автожолының 27 км учаскесінде қардың қарқынды еруі салдарынан су деңгейінің күрт көтеріліп, Аралтөбе аулына апаратын уақытша көпірді шайып кетті.
"Осыған байланысты жол жабылып, көлік және жаяу жүргіншілердің қозғалысы тоқтатылды. Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды.Тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта Аксай қаласы жағынан баламалы кіру жолдары бар", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Айта кетері, қазіргі кезде негізгі көпірді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті уақытша көпір салынған болатын. Енді, оны қалпына келтіру жұмыстарын су деңгейі төмендеген соң басталады.
Бұған дейін Ақтөбе облысында Ойыл өзені арқылы өтетін уақытша өткелді су шайып кетті. Ол жақта да былтырғы су тасқыны кезінде көпірге зақым келген. Оның жөнделуіне байланысты тұрғындарға уақытша үйінді өткел салынған болатын.