"Баянның күйеуі де жүр": Талдықорғанға сиыр өсіреміз деп қытайлар келді

0
1 213

Aodekang қытай компаниясының Қазақстандағы серіктесі Тұрсынғали Алагөзовтың айтуынша, бұл кездесу қытай тарапының өтініші бойынша ұйымдастырылған. Себебі ҚХР Қазақстанның еті мен ет өнімдеріне қатты қызығушылық танытып отыр екен.


ERNUR.KZ. Алматы облысына екі күндік сапармен Қорғас қаласының басшысы, мемлекеттік коммунистік партиясы "Қорғас" экономикалық даму аймағы комитетінің орынбасары Жеңіс Хадис бастаған Қытай Халық Республикасының бір топ кәсіпкерлері келді, деп жазады Zakon.kz.

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, делегаттар бірінші күні облыс әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров бастаған жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесті. Ал келесі күні шетелдік қонақтарға Талдықорған индустриалды аймағының инвестициялық мүмкіндіктері мен әлеуеті, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік-мәдени маңыздағы нысандар таныстырылды.
Сондай-ақ, Алматы облысының Өңірлік даму орталығында Aodekang қытай компаниясы мен "Жетісу" ӘКК " АҚ-тың қатысуымен Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері кездесті.
Aodekang қытай компаниясының Қазақстандағы серіктесі Тұрсынғали Алагөзовтың айтуынша, бұл кездесу қытай тарапының өтініші бойынша ұйымдастырылған. Себебі ҚХР Қазақстанның еті мен ет өнімдеріне қатты қызығушылық танытып отыр екен. Кездесуде кейбір жобалардың іске асырылу жайы, соның ішінде мал бордақылау орындарының, жем-шөп дайындайтын зауыттың құрылысы, ірі қара мен ұсақ малдың жеке тұқымдары селекциясы, мал бағу мәселелері талқыланды.